Мерекелік шараға мектеп оқушылары белсене атсалысты.Салтанатты шарада білім алушыларға патриоттық тәрбие беру және олардың бойындағы Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру мақсатында патриоттық әндер орындалып, өнерпаз оқушылар күмбірлете күй тартып, мың бұрала биледі.
Біздің еліміздің шыңға өрлеп, бүкіл әлем мойындаған ел болуы аянбай еңбек еткен Елбасының арқасы екені бүгінде бәріне мәлім.Баршаңызды Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, Отанымыз тыныштықта , еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын дегіміз келеді.