2021 жылы 27 қазан күні №15 Абай атындағы орта мектебінде Атырау қаласы полиция басқармасының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы, полиция майоры Каражанова Гүлмира Сабыржановна және полиция капитаны Табаракова Айгерім Қуандыққызы , сонымен қатар №1 емхана педиатр дәрігері Камелова Дина Базарбаевнаның қатысуымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және жыныстық тиіспеушілік тақырыбында 7-8 сынып оқушылары арасында жиналыс болып өтті. Мамандар аталған тақырып бойынша мәліметтер беріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.