23 Қаз 2021
Жаңалықтар №15 Абай

№15 Жалпы білім беретін Абай атындағы орта мектебінде 27 қыркүйек пен  10 қазан аралығында « Тіл-ұлттың жаны » тақырыбында қазақ тілі апталығы болып өтті.

Мақсаты: Тілін сүюге, оны қадірлеуге шақыру. Қазақ тілі пәнінен алған білімдерін кеңейтіп, сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету, талдауға баулу. Оқушыларды өз ана тілін құрметтеуге, оны жоғары бағалауға үйрету. Тәл мәртебесін жоғары ұстауға үйрету. Биылғы оқу жылындағы мерей тойлары бар ақын, жазушыларымызды құрметтеу, үлгі тұту, шығармаларын насихаттау, ашық шаралар, кештер өткізу. Сынып жетекшілермен бірлесе жұмыс жасау. Оқушыларымызды дайындау.Оқушы еңбегін бағалау. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулу. Ізденіске үйрету. Апта бой өтілген шаралардың жұмысын қорытындылау. Оқушылардың ақын-жазушыларымызға арнаған өнерлерін тамашалау, бағалау.Қазақ тілінің мәртебесін  аяққа баспай   қашанда биік  ұстауға   үйрету. Тілді үйрену-өз ұлтыңды тану. Ұлттық тілді білу, ұлт дінін, қасиетін, мінезін, ой, жан-дүниесін,сырын білу екенін, халықтық мәдениет пен дәстүрді  жаңғырту болатынын естен шығармау.

Бір аптаға созылған апталық жұмыс өз мәніне жетті.Жоспар бойынша жұмыс салды.Ең бірінші апталықтың ашылу салтанаты өтті. Бірлестіктегі мұғалімдер ашық сабақ пен қатар тәрбиелік шараларды өткізді. Атап айтсақ  «Қобыланды батыр жыры»  Тұлпарлар бейнесі , 5 «А» сынып.  (Ашық сабақ) ,  «Ана тілім алпыс тілге татиды»  10 «Ә» сынып  (Тәрбие сағаты) өтізген: Қуанышова М.М. «Жаһандану және ұлттық код»  9 «А» сынып.(Ашық сабақ),  «Қазақ тілі - менің ұлттық мақтанышым!» 10 «А» сынып өткізген: Гпауова С.Ж.  « Ел тарихы ұлттық құндылық» 6 «А» сынып, «Тілім менің тірлігімнің айғағы» 6 «А» сынып өткізген: Мұрат А.І. «Табиғат және адам» 7 «А» сынып (Ашық сабақ), «Тіл-болмыстың айнасы»  7 «А», «Ә» (Тәрбие сағаты) өткізген: Даркенова А.Қ.  мұғалімдері сабақтарға қатысып, тәжірибелермен, әдістемелермен және оқу технологияларымен алмасты. Өзара тәжірибе алмасу, тренинг өткізілді. Шарада ән, куй, көрініс көрсетіліп, ақын шығармаларын оқушылар мәнерлеп оқыды.Апталық жұмыстарға мектеп оқушылары белсене қатысып, әр сынып қабырға газеттерін шығарды, мектептін 1,2 дәлізі безендірілді.Үзіліс уақытында бейнематериалдар көрсетілді. Апталық соңы үлкен қорытынды шарамен аяқталды. Белсенділік көрсеткен сыныптар мен оқушылыр Алғыс хатпен марапатталды.