№15 Абай атындағы орта мектебінде 2021 жылдың 20 қазан күні 9-11 сынып ұл балаларына жиналыс болып өтті. Жиналыста тазалық,әдептілік, мектеп ережелері мен мектеп формасын сақтау, оқушылардың сабақтан тыс уақытын қадағалау туралы мәселелер қаралды. Темекінің адам өміріне зияны туралы мәселе қозғалып,оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды. "Оқушылар арасындағы құқықбұзушылық және бопсалаудың алдын алу" тақырыбында мәлімет беріліп, оқушыларға тәртіпті сақтау қажет екендігі айтылды.