2021 жылдың 19 қазан күні 7-8 сынып ұл балаларына жиналыс болып өтті. "Тазалық-денсаулық кепілі" тақырыбында мектеп медбикесі Қибашова Данагүл мәлімет берді. Содан кейін мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жұмабаева Дариға әдептілік, мектеп ережелері мен мектеп формасының сақталуы және оқушылардың сабақтан тыс уақытын қадағалау туралы айтып өтті. Темекінің адам өміріне зияны туралы мәселе қозғалып,оқушыларды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырды."Оқушылар арасындағы құқықбұзушылық және бопсалаудың алдын алу" тақырыбында мәлімет беріліп, оқушыларға тәртіпті сақтау қажет екендігі айтылды.
View the embedded image gallery online at:
https://sh15-atyrau.edugov.kz/zhanalyk-mektep-15/11226-2021-zhyldy-19-azan-k-ni-7-8-synyp-l-balalaryna-zhinalys-bolyp-tti.html#sigFreeId411fcb9e9a
https://sh15-atyrau.edugov.kz/zhanalyk-mektep-15/11226-2021-zhyldy-19-azan-k-ni-7-8-synyp-l-balalaryna-zhinalys-bolyp-tti.html#sigFreeId411fcb9e9a