Жалпы білім беретін №15 Абай атындағы орта мектебінің кітапханасында 11қазан күні кітапханашы Кендирова Б.А. ұйымдастыруы мен «Кітап-досым,ақылшым» тақырыбында 4 «А» сынып оқушыларының қатысуымен тәрбиелік шара өткізілді. Оқушылар кітаптың шығу тарихы,алғашқы кітаптар туралы презентация дайындап, сонымен қатар, кітап туралы өлең шумақтары мен ән шашуларын ұсынды.Кітапханада кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушыларға таныстырылды.
Оқушыларды оқулықты құрметтей білуге, кітапты ұқыпты ұстауға баулу, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен шара жоғары деңгейде өтті.Аталған тәрбие шараға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,мектеп кітапханашысы,қосымша білім беру педагогы және тәлімгер қатысты.
https://sh15-atyrau.edugov.kz/zhanalyk-mektep-15/11086-kitap-dosym-a-ylshym-ta-yrybynda-4-a-synyp-o-ushylaryny-atysuymen-t-rbielik-shara-tkizildi.html#sigFreeId46b112d9b5