13 Қаз 2021
Жаңалықтар №15 Абай

«Кел,балалар,оқылық»

Жалпы білім беретін №15 Абай атындағы орта мектебінде 1-қыркүйек білім күніне және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» орай «Кел,балалар,оқылық» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.Аталған жиында мектеп директоры Махамбетов Қ.Қ. мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерді құттықтап, «Әліппе» және «Букварь» оқулығын табыстады. Бірінші сынып оқушылары да мектепке арналған өлең жолдарын айтты.

 

Салтанатты шара соңында бірінші сыныптарға арналған алғашқы қоңырау соғылды.Сонымен қатар, 2-11 сынып оқуышыларына әр ауысым бойынша «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.