Атырау қаласы «Қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты жалпы білім беретін №15 Абай атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша оқушыларға берілетін ыстық тамақ тасымал түрінде әкелінеді. Тасымалдаушы, дайындаушы жеке кәсіпкер Кубашева Роза Магзулловна. Мектеп әкімшілігі мен жеке кәсіпкер арасында келісім-шарт жасақталған.
Мектепте ыстық тамақтың сапасын, тазалығын бақылау мақсатында комиссия құрамы бекітілді. Ыстық тамақты таратып беруші қызметкерлердің дәрігерлік тексерістен өткені туралы құжаттары бар. Қазіргі таңда бастауыш 1-4 сынып бойынша және 5-11 аз қамтылған сынып оқушыларына ыстық тамақ берілуде.